«Кітап және қаламгер» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

374

0

Фото: Облыс әкімдігі

Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында Қызылорда облысы әкімдігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Кітап және қаламгер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Мақсаты – ұлт руханияты мен мәдениетінің қарашаңырағы- Одақ қызметін, жетістіктерін, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмір жолын, шығармашылығын насихаттау.

Конференцияда Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Құлкенов Мереке Әбдешұлы, Ұлттық кітапхана директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйледі. Оларға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы аймақ басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының арнайы алғыс хаттарын табыстады.

Іс-шара аясында Қазақстан Жазушылар одағының Кызылорда облысындағы өкілі Есімсейітова Қаршыға Құрмашқызы «Сыр елінде қазақ әдебиетінің бастау алуы» тақырыбында баяндама жасады.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, эколог-жазушы Жұбатырұлы Сайлаубай, Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы, драматург Дулат Исабеков және жазушы, драматург Балғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы жайында естеліктер айтты.

Ұлттық кітапхана қорына Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Сыр өңірі ақын-жазушыларының кітаптарын сыйға тартты.

Конференция қатысушылары «Жыр-әннің елі, Тұранның төрі – Сыр елі» атты Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық тарихи кезеңдерін қамтитын, Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап және архив құжаттарының көрмесімен танысты. Ұлттық кітапхана қорынан ұйымдастырылған «Жазушылар одағының құрылғанына 90 жыл», қазақстандық фотожурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың архив қорынан алынған фотокөрмелерді көрді.

Қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған рухани-мәдени шаралар өңірімізде де, туған жерінде де өткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<