Көлікті бақылау саласында тасымалдаушыны электрондық тексеру іске қосылады

427

0

Көлікті бақылау саласында тасымалдаушыны электрондық тексеру іске қосылады Көлік комитеті 15 сәуірден бастап көлікті бақылау бекеттерінде қағазбен берілген рұқсаттарды тексеруді алып тастайды. Оның орнына тексеру Көлік комитетінің дерекқор ақпараттық-талдау жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Тасымалдаушыдан қағаздағы рұқсат беру құжатының болуы талап етілмейді. Осы рұқсатты беруге мақұлданған өтінім және қолданыстағы заңнамаға сәйкес электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте рұқсат беру үшін мемлекеттік орган қабылдаған мемлекеттік баж (қажет болған жағдайда) болса жеткілікті. Мұндай рұқсаттардың тізіміне енген құжаттар – ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат; 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат; автокөлік құралына рұқсат карталары; халықаралық жүк тасымалдауға рұқсат беру куәлігі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<