Күмәнді мәліметті таратпас бұрын…

483

0

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабының 2-тармағында «Қазақстан Республикасының конституциялық ­құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтас­тығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгіттеуге, экстремизмді немесе терроризмді насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәліметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнімін Қазақстан Республикасының аумағында тарату» және 490-бабының 1.3-тармағында «діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға белгіленген талаптарды бұзуға» болмайды делінген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес «Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгіленген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі» делінген.

Осыған байланысты 2018 жылдан бастап Қазақстан Рес­публикасының қолданыс­тағы заңнамасы негізінде ты­йым салынған діни сипаттағы мате­риалдарды тарататын аккаунт­тарды анық­тайтын автоматтандырылған ин­­тернет бағ­дарламасы іске қосылғанын хабарлаймыз.

2019 жылы ҚР-да тыйым салынған діни сипаттағы материалдарды тарататын 554 аккаунт анықталып, 4 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 3 жыл мен 7 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды және 3 азаматтың шартты түрде бас бостандығы шектелген.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Сізден діни сипаттағы материалдарды таратпауды сұрайды, заңнаманы бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБК 453-бабы және 490-бабы) 20 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін әкімшілік айып­пұл қарас­тырылғанын хабарлайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<