М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде Қызылорда қалалық Пробация қызметінің ұйымдастыруымен қызмет есебінде тұрған азаматтарға «Күнәнің зардабы және қоғамға тигізетін әсері» тақырыбында жиын өтті.
Шараға «Сұлтан» мешітінің бас имамы Ә.Әбжанов шақырылды. Жиынды қалалық Пробация қызметі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі А.Прімова ашып, ұйымдастырылып отырған іс-шараның берері мол екенін айтып өтті.
Одан әрі қызмет аға инспекторы, әділет майоры М.Маратқызы пробация есебінде тұрған азаматтарға көрсетілген әлеуметтік және құқықтық көмек тұрғысында биыл атқарылған жұмыстарға, алдағы болатын мәдени-спорттық іс-шараларға тоқталып өтті.
«Сұлтан» мешітінің бас имамы Ә.Әбжанов қасиетті айда ұйымдастырылып отырған шараның маңызы жайлы айтып өтті. Жиынның негізгі туралы тарата айтып пайғамбарларымыздың өмірлерінен мысал келтірді, күнәнің зардабы туралы кең көлемде мағлұмат берді.
Жиын соңында бас имамға пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.
Ж.ИСМАИЛОВА,
Қызылорда қалалық пробация
қызметінің аға инспекторы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<