Көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

276

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жалағаш ауданының 45,1 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Өңірде өткен жылы елді мекендер мен әлеуметтік нысандарды газдандыру бойынша 5 жоба қолға алынған еді. Соның нәтижесінде, екі жоба толық жүзеге асқан. Яғни, “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында “Наркескен” спорт клубы мен аудандық кітапхана ғимараты табиғи газға қосылған. Бұл туралы Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

2023 жылы Жалағаш кентіне қарасты “Ақтерек” уческесіндегі жаңа тұрғын ауданын газбен жабдықтау жүйесінің құрылысына республикалық бюджеттен 603 млн теңге қаржы бөлініп, газ құбырын тарту жұмыстары толығымен аяқталды. Ал, бүгінгі таңда Ақсу, М.Шәменов елді мекендерін газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы жобалар жүзеге асқан уақытта аудан тұрғындарының 50 пайызы газбен қамтылатын болады. Біз елді мекендерді газдандыру жұмыстарын кезең-кезеңмен іске асыратын боламыз. Сонымен қатар, 2024 жылы Қаракеткен, Далдабай және Бұқарбай батыр елді мекендерін газдандыруға жоба-сметалық құжаттар әзірленетін болады, – деді Ардақ Әбдіғаппарұлы.

Сондай-ақ, ауданның экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар да жүйелі жүруде. Жергілікті бюджет есебінен ауданды абаттандыру бағытындағы жұмыстар іске асырылуда. Өткен жылы аудан бойынша абаттандыру жұмыстарына 119,6 млн теңге қаржы қаралып, 10 жоба сәтті жүзеге асты. Осының нәтижесінде, аудандағы 4 елді мекеннің көшелері жөнделді. Сонымен қатар, 5 елді мекенде балалар ойын алаңының құрылысы жүргізілді. Ал, осы жылы аудандық бюджет есебінен 3 елді мекенде жаңадан балалар ойын алаңы салынса, 2 әлеуметтік нысан газ отынына қосылмақ.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<