Көк аспанда күн күлсін!

571

0

Балаларды қорғау күні «Атамекен» ауылында «Көк аспанда күн күлсін, бірге күлсін бүлдіршін!» тақырыбында аталып өтті.

Шара атамекендіктердің үйірме жұмыстарының көрмесінен басталып, балалардың қолөнер бұйымдары жәрмеңкесіне жалғасты.

Оған облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов арнайы барып,  ізгі лебізін білдірді.

– Халықаралық балаларды қорғау күні – мейірімге толы мейрам. Балалар күні құтты болсын, басты байлығымыз – балаларымыз әрқашан аман болсын. Барлығыңызға амандық, бақыт пен береке-бірлік тілеймін, – деді Нұрымбет Аманұлы.

Бұл күні мереке қатысушыларына «Көлсай-Шарын-Қайыңды» лагеріне жолдама беріліп, бітіруші төрт түлекке Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті грантының сертификаты табысталды.

«Атамекеннің» тұрғындары мерекелік сый-сияпатқа алғыс білдіріп, өнерлерін ортаға салды.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»