«Көктем-2023» оқу-жаттығуы

664

0

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемге дайындау өте маңызды. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру үшін «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Осындай оқу-жаттығудың облыстық кезеңі Шиелі ауданында ұйымдастырылды.

Іс-шара кезінде жергілікті уақытпен 07.00-де «Дабыл-1001» сигналы түсті. Шиелі ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің және шұғыл әрекет ету жасақтары күш-құралдарының әзірлігін Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов және облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов қарап, тексерді. Оқу-жаттығуға 180 жеке құрам және 60 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар азаматтық қорғаудың облыстық қызметтерінің өкілдері де қатысты.

Жылжымалы басқару пункті арқылы «Көктем-2023» РКШОЖ   басшылығының штабымен және Төтенше жағдайлар министрлігімен  телефон және  бейнеконференц байланысы ұйымдастырылды.

Мұндай оқу-жаттығу облыстың барлық аудандарында және Қызылорда қаласында өткізілді. Оған барлығы 1933 жеке құрам мен 535 бірлік техника жұмылдырылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<