ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығымен бекітілген «Аң аулау қағидаларының» 11-қосымшасына және 2021 жылғы
1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №104-бұйрығына сәйкес, аталық үйректерді аулаудың көктемгі маусымы ашылады.
Аталған кезең наурыз айының 6-20 жұлдызы аралығы, яғни 15 күнтізбелік күнге созылады. Сонымен қатар, аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асыру қажет екендігін ескертеміз.
Рақымжан БУРАБАЕВ,
облыстық орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының бөлім басшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<