Көктемгі егін жұмыстарына 4 мыңға жуық техника әзірленуде

631

0

Биыл өңірде 195,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленуде. Бұл былтырғымен салыстырғанда 7 мың гектарға артық. Қазіргі таңда көктемгі егін егуге дайындық барысы пысықталуда. Оған 12,1 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Жалпы көктемгі егін егу жұмыстары наурыз айының 3-ші онкүндігінде басталып, маусым айының 2-ші онкүндігінде аяқталады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев хабарлады.

– Биыл егіс көлемін 7,0 мың гектарға, мал азықтық дақылдарды 2,3 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын 222 гектарға ұлғайту көзделуде. Ал Сыр елінің ырысы саналанатын күрiштің көлемі 83,9 мың гектарды құрап отыр. Бұдан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жергілікті тұрғындарды өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін қосымша 3 мың гектар жер дайындалуда. Сондай-ақ, су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 1,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Алдағы егін науқанына қажетті ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары 100 пайызға толық қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, 32,5 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды. Көктемгі егін егу жұмыстарына 4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникалары дайын. Биыл да мол өнімді қамбаға құямыз деген үмітіміз мол, – деді басқарма басшысы Қайратбек Әубәкірұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<