Көлік аялдамада тұрған екі әйел мен баланы қағып кетті

542

0

Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, аялдама тұрған адамдар зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ақтөбе қаласында болды. Жеңіл көліктің 23 жастағы жүргізушісі Есет батыр көшесі бойымен келе жатып, өзге көлікке жол бермеді. Салдарынан «Mitsubishi Pajero» көлігімен соқтығысты. «Екі көлік соқтығысқан кезде «Mitsubishi Pajero» автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, аялдамада тұрған 2 әйел мен баланы қағып кетті. Зардап шеккен жаяу жүргіншілер ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, өңірде жол-көлік апаты жиіледі. Өткен жұмада көлік аударылып, бір адам көз жұмды.