Көлік полицейлері екі жолаушыны тоқтатты

592

0

Қорқыт ата әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесіне «Fly Arystan» АҚ әуекомпаниясының өкілдерінен «Қызылорда-Алматы» бағытындағы әуерейсі  екі жолаушыға қатысты тиісті шара қабылдау туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Қызылорда қаласындағы Желілік полиция бөлімі хабарлады.

Көлік полицейлері тексеру барысында тіркеу кезінде әуежай аумағындағы тәртіп ережелерін бұзған Өскемен қаласының 50 және 60 жастағы тұрғындарын тоқтатты.

Аталған азаматтар, әуежай ішінде яғни қоғамдық орынға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде жүрген.

Көлік полицейлерімен құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 1 бөлігімен – алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша екі азаматқада әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

«СБ» ақпарат