Көлікте, үй ауласында маска тағу міндетті ме?

782

0

Егер адам көлікте келе жатса, маска тағуға міндетті ме? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтының телеграм каналына сілтеме жасап.

«Егер қоғамдық көлікте (автобус, пойыз, ұшақ кеме немесе такси) болса, онда міндетті. Ал егер жеке көлік болса, міндетті емес. Мұнда жеке көлікте, бір отбасы мүшелеріне маска тағу міндеттелмейді. Бірақ біз маска тағу ауру қаупін 30% төмендететінін көрсететін ғылыми негіздемені ескере отырып, оны тағуға кеңес береміз», делінген хабарламада. Сондай-ақ, министрлік өз үйлерінің аулаларында маска тақпауға, ал көп қабатты үй ауласында масканы тағып жүруге міндеттелетін жеткізді.

Жеке үйдің ауласында тақпауға болады. Көп қабатты тұрғын үйдің ауласында жүрсе, маска тағуы керек. Бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, отбасы мүшелерінің серуендеу кезінде де бетперде тағуы қажет», – деп толықтырды министрлік.

Еске сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл туралы елдің Бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған. Кейіннен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереже тек ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін түсіндірді. Сонымен қатар, ол жеке қорғаныс құралдарын барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде дәмханаларжа, спортпен шұғылдану кезінде және басқаларында кию керек екенін айтқан болатын. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен елімізде 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпай жүруге рұқсат берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<