Көмірдің 25 проценті жеткізілді

683

0

Қызылордада орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің 70 проценті жылу маусымына дайын. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммнуалдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

Бүгінде коммуналдық кә­сіп­орындардың – 84, әлеуметтік нысандар мен автономды бу қазандықтарының 86 проценті жөнделді. Ал қыстың қамы үшін қажет көмірдің әзірге тек 25 проценті жеткізілді.

– Аймақ басшысы тарапынан Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне қазан айына дейін қатты отынның 70 процентін жеткізу туралы тапсырма берілді. Алайда, ауа райының жылы болуына байланысты тұрғындар әкелінген көмірді сатып алуға асығар емес. Халық арасында осы бағытта түсіндіру жұмысы жүргізіліп келеді, – деді ­Е.Жаңабаев.

Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында тиісті кәсіпорындармен тікелей келісімшарт жасау шаралары атқарылып жатыр. Оның ішінде жоғары сұранысқа ие Шұбаркөл көмірінің құны – 15-16 мың теңге аралығында.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<