Жаңа жабдық операциялық араласу кезінде жалпы анестезияны, жасанды өкпе желдетуді және кез-келген жастағы пациенттердің жағдайын мониторингілеуді қамтамасыз етеді.
Осы аппарат анестезияны асыратын, дәрігердің күнделікті жұмысын қарапайым және кездейсоқ жағдайларда да болжауға көмектесетін интеллектуалды функцияларымен жабдықталған. Аппарат дәрігерлеріміздің бетпе-бет келетін барлық қиындықтарын ескере отырып жасалған, игерудегі жеңілдігімен және қолдануға ыңғайлығымен ерекшеленеді.
Жаңа жабдықтың арқасында анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер ота барысында науқастың көрсеткіштерін мұқият бақылауға мүмкіндік алды. Жаңадан алынған жабдықтар балалардың өмірін сақтап қалуға, жалпы дертінен айығуына көп септігін тигізуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<