Көпір құрылысы биыл аяқталады

450

0

Қызылорда қаласы «Бәйтерек» шағын ауданындағы автомобиль көпірінің құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлануда.

Өткен жылы «Оң жақ» магистральды каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысына жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дархан Бақтияров айтты.

– «Бәйтерек» шағын ауданындағы автомобиль көпірінің құрылысына қалалық бюджеттен 16,4 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Сонымен қатар «АлматыДорПроект» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптаманың қарауына жолданды. Оң қорытындысы шыққаннан кейін, республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлу үшін өтінім ұсынылатын болады. Бұл өтінім толық мақұлданса, көпір құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі, – деді Д.Бақтияров.

«СБ» ақпарат