Көпір құрылысы – халық игілігі

226

0

Фото: Қала әкімдігі

Аймақ басшысының қолдауымен «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылының Тасбөгет плотинасымен түйісетін тұсында Қызылжарма каналы арқылы өтетін автомобиль көпірі салынуда.​

Бұл көпір қала орталығы мен Тасбөгет кенті арасындағы қосымша байланысты қамтамасыз етіп, көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді.

Көпірдің ұзындығы 47 метрді құрайды. Мердігер мекеме «СЕРВИС НС» ЖШС-гі жұмысты екі ауысыммен атқаруда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<