Қызылорда қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінен жасөспірім құлап кетті.
Оқиға облыс орталығындағы көшелердің бірінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болды.
Мәлім болғандай, жасөспірім алған жарақатына байланысты емдеу орнына жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
«Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 105-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру басталған. Онда өз-өзін өлтіруге оқталу жағдайы көрсетілген», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Әділжан Үмбет
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<