Облыстық мәслихаттың кезекті VI сессиясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру жөнінде облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан ұсыныс берілді.
Сессияда басқарма басшысы Мира Қазбекова хабарлама жасап, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары, Сыр бойында «қара алтын» өндірісінің қазығын қағып, өркендеуіне зор үлесін қосқан Мұрат Саламатовтың есімін Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжіне беру туралы ұсыныс қолдау тапқанын айтты.
Сонымен қатар, қазақ балалар әдебиетіне өз үлесін қосқан көрнекті ақын Адырбек Сопыбековтің есімін Жаңақорған аудандық кітапханасына беру туралы ұсыныс та халық қалаулылары тарапынан мақұлданды.
Осыған сәйкес, жоғарыда аталған ұсыныстар бойынша әзірленген құжаттар ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.
«СБ» ақпарат





