Көшпелі алқа отырысы өтті

235

0

Фото: Облыстық мәдениет басқармасы

Сырдария аудандық мәдениет үйінде Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының көшпелі алқа отырысы өтті.

Алқа мәжілісіне басқармасы басшысы М.Қазбекова төрағалық жасап, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Сүлейменов Ғани Кенжеғарұлы, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы және сала мамандары қатысты.

Күн тәртібі бойынша Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарындағы мәдениет үйлері мен клубтарда «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының жүзеге асырылуы және жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысымен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы Жанат Құрамысова және кітапхана саласына жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы туралы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы басшысының орынбасары А.Жанғабылова баяндама жасады.

Көшпелі алқа отырысы барысында басқарма басшысы берілген тапсырмалар дер кезінде орындалуын қатаң қадағалауға алуды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<