Сырдария ауданында «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті.
Жиында Сырдария және Жалағаш аудандарында жобаның іске асырылу барысы туралы аудан әкімдерінің есептері тыңдалып, жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары талқыланды.
БАҒА БАҚЫЛАУДА
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері қаладағы бірқатар сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жасады.
Бағамдау жұмыстары аясында партиялық бақылау тобының мүшелері кәсіп иелеріне азық-түлік бағаларын тұрақты ұстап тұруға ұсыныс білдіріп, бағаны негізсіз көтеру бойынша тиісті жауапкершілік қолданылатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ҰСЫНЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы өңірлік даму және экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.
Кеңес отырысында өңірді дамыту бағытында партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған міндеттерді іске асыруға негізделген Жол картаны іске асыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын базалық қаржыландыру мәселесін қарастыру бойынша бұған дейінгі отырыста көтерілген ұсыныстардың орындалуы пысықталды.
«QAISAR» АШЫЛДЫ
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңіс күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған дәстүрлі «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Аталған ойындарға Сыр өңірінен аймақтық іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанған «Дарын» мектеп-интернатының командасы бақ сынауда.
КЕҢЕС БЕРДІ
Осы аптада еңбек дауына байланысты партия филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Н.Нәлібаев, облыстық бақылау жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Б.Досымов тақырыптық қабылдау өткізіп, еңбек мәселесі бойынша кеңестер берді.
Мұнан бөлек, қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары М.Мирзанова және «Құқықтық көмек» тақырыбы аясында облыстық партия филиалының заңгері С.Алшынбеков тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетіп, мәселелерін шешу бойынша кеңес берді.
Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар, партиялық жобалар мен қоғамдық кеңестер, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы қоғамдық-саяси 74 іс-шара ұйымдастырылды.





