Көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды

1177

0

Қызылорда қаласындағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде «Инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың ерекшеліктері» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақтар өтті.

Бұл оқушылaрдың ерекше білім беру қaжеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім aлуғa тең қол жеткізуді қaмтaмaсыз етуге ықпaл ететін ортaқ кеңістік құру aясындa және педaгогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дaмыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.  

Курс тыңдаушылары – №264 мектеп-лицейінің бастауыш мұғалімдері инклюзивті білім беретін төрт сыныпқа өткізген сабақтарға қатысып, оның мақсаттарымен, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған жеке тапсырмалар түрлерін назарға алды.

Сонымен қатар, курс тыңдаушылары инклюзивті білім беру бойынша мектептің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысымен, инклюзивті сыныптардың арнайы мамандарының жұмыс барысымен танысты. Тәжірибе алмасу барысында курс тыңдаушылары ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған дене шынықтыру залымен және ондағы құрылғыларды көрді.

Соңында тәжірибелік сабақ көрсеткен мектеп-лицей мұғалімдері институт директорының Алғыс хатымен марапатталды. Мамандар Т.Есетов атындағы мектеп-лицейінің ұжымына алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта инклюзивті білім беру бағытындағы сапалы әрі сындарлы жұмыстар, ұзақ мерзімді бірлескен ынтымақтастық жалғасын табатынына сенім білдірді.

Айгүл Қозыбахова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

кәсіби даму институтының аға оқытушысы, тренер

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<