Көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды

1723

0

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі базасында «География пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» және «Жалпы білім беретін мектептерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда оқушыларды ұлттық құндылық пен рухани-ізгілікке тәрбиелеудің маңызы» тақырыбындағы курс тыңдаушылары үшін көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.


Көшпелі тәжірибелік сабақтардың мақсаты – оқушылaрдың ерекше білім беру қaжеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім aлуғa тең қол жеткізуді қaмтaмaсыз етуге ықпaл ететін ортaқ кеңістік құру aясындa педaгогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дaмыту.

Курс тыңдаушылары №264 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімдерінің инклюзивті білім беретін 5, 6 және 7 сыныптарда өткізген шеберлік сыныптарына қатысып, оқу мақсаттарымен, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған жеке тапсырмалар түрлерімен танысты.


Сонымен қатар инклюзивті сыныптарының арнайы мамандары (дефектолог, психолог, логопед және педагог-ассистенттер) түзете-дамыту сабақтарын көрсетіп, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың білім беру кеңістігіне қосылуының жағдайын тәжірибеде көрсету; ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жеке амалдар қолдану, инклюзивті білім беру жағдайында сабақ үдерісінде әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бағыттары бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында курс тыңдаушылары тәжірибелік сабақ көрсеткен педагогтер мен арнайы мамандарға алғыс айтып, кері байланыс жасалды.

Айгүл Қозбахова,


«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы