Дәл қазір спортшылар бүркітті қолға шақыру бағыты бойынша сынға түсіп жатыр.
Айта кетейік, құсбегілік алдыңғы төрт ойынның бағдарламасына енбеген еді. Яғни, аталған спорт түрі бойынша Астана төрінде дода тарихындағы алғашқы жүлдегерлер анықталады.
Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын құсбегіліктен 9 спортшы қорғайды. Олар, бүркіт құсы бойынша – Серікбек Кунтуған, Ерзат Байқадамов, Арман Кушкаров, қаршыға құсы бойынша – Дәурен Аршабай, Бағдат Кеуенов, Құдайберген Рауилұлы және ителгі құсы бойынша – Ерлан Кенжетаев, Бақдәулет Бабажан, Ибрагим Базарбаев.
Жоғарыда аты аталған 9 азамат – ел ішіндегі чемпионаттарымызда жүзден жүйрік шыққан үздіктер. Жыл басынан бері ұлттық құрама сапындағы құсбегілер үшін Алматы қаласы мен Ақмола облысында екі оқу-жаттығу жиыны өткен болатын. Үшінші оқу-жаттығу жиыны Астана қаласында ұйымдастырылды.
«Ұлы дала дүбірі» ұранымен өтіп жатқан Көшпенділер ойындарына құсбегілік спорт түрі бойынша 10 мемлекеттен 42 спортшы қатысып жатқанын атап өткен жөн.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<