Көшпенділер ойыны: Қазақстан мангаладан 5 жүлде жеңіп алды

250

0

Фото: ашық дереккөз

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтіп жатқан мангала бәсекесі өз мәресіне жетті.

Жекелей сында Қазақстан құрамасының ойыншысы Биғали Зкрияев ерлер арасында чемпион атанса, Азамат Қайдаров қола медаль еншіледі. 

Сондай-ақ, отандасымыз Құндыз Есіркеп қыздар арасында топ жарып, тағы бір қазақстандық ойыншы Айгерім Қуанышбеков қола жүлде жеңіп алды.

Қорытынды есеп бойынша Қазақстан құрамасы командалық жарыста бірінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, мангала ойынына 24 елден 66 спортшы қатысты. Команда құрамы: 2 ер, 2 әйел, 1 бапкер.

Мангала — түрік халқының зияткерлік ойыны. Екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екі қатарда орналасқан алты бірдей шұңқыр болады, бәрі бірге 12 кішкентай шұңқыр, сонымен қатар, ойыншылардың тас жинайтын үлкен жинақтаушы сақтау шұңқыры болады.

Мангала 48 таспен ойналады. Ойын жеребе тастаудан басталады. Ойыншылар барлық 48 тасты, төрт-төрттен 12 шұңқырдың әрқайсысына таратып, жинақтау шұңқырларды бос қалдырады.

Тақтаның өз жағындағы алты кішкентай шұңқыр — ойыншының алаңы, ал қарама-қарсы алты шұңқыр — сәйкесінше қарсыластың алаңы. Ойыншылар өз қоймасына мүмкіндігінше көп тас жинауға тырысады. Кім көп тас жинаса, сол ойыншы жеңіске жетеді.

Жарыс швейцариялық жүйе бойынша жеке және командалық есепте өткізіледі. Кезең саны — 7.

Қорытынды ерлер мен әйелдер арасында бөлек жинақталады. Әр ойыншыға бір ойынға 20 минут уақыт беріледі. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<