Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы күрес комиссиясының отырысы өтті.
Облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Ермахан Абдраманов террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғанысын қамтамасыз ету туралы баяндады.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін адрестік жұмыстарға қатыстырудың маңыздылығын айтты. Қазақстандық қоғамның құндылықтарына бейімделуді бағалауда және деструктивті діни ағым өкілдерін дәстүрлі ислам нормаларына қайтаруда атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, діни экстремизм және терроризм профилактикасының тиімділігін арттыруда жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар туралы Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов және Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков баяндады.
Облыс әкімі жиында көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Облыстық полиция департаментіне, дін істері басқармасына, Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне осал объектілерді нығайту, экстремизм мен терроризм профилактикасы шараларының тиімділігін арттыру және әлеуметтік жобалардың қаржысын игеруді жүктеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<