Комиссия отырысы өтті

75

0

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың қатысуымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде пробация есебіндегілердің қайта қылмысқа баруының алдын алу, бұрын сотты болған адамдарды қайта әлеуметтендіру және қоғамға бейімдеу, өсім алған қылмыстар бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

– Интернет алаяқтық, топтық бұзақылық және түнгі көңіл көтеру орындарындағы құқықбұзушылықты азайтуда жедел профи­лак­тикалық шаралар күшейтілсін. Қаладағы көңіл көтеру орындарының жұмысын реттеу және ондағы тәртіпті бақылауды күшейту жө­нінде ұсыныстар әзірлеу керек. Мал ұрлығын болдырмау үшін бақташы қызметін ұйымдастыру және тұрғындарға түсіндіру өте маңызды. Алаяқтық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда да ақпараттық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілсін, – деді Данияр Еренғалиұлы.

Жиында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметіне бас­шылық жасау басқармасының бастығы Ғаламат Құлманов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлес­тіру және әлеуметтік бағдар­ламалар бас­қар­масының басшысы Ғабит Жаңабаев, облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бас­тығы Ердәулет Жаукеев баяндама жасады.

Сонымен бірге, нашақорлық профилак­тикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қи­мыл бойынша мемлекеттік органдардың қыз­метін үйлестіру жөніндегі облыстық ведомство­аралық штаб отырысы өтіп, нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу мәселесі талқыланды.