Комиссия отырысында өзекті мәселелер талқыланды

458

0

Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімі Ж.Еркінбектің төрағалығымен комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары, комиссия мүшелері қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

1.Байқоңыр кешені құрамындағы Төретам кенті, Ақай елді мекенінде діни экстремизм мен терроризм профилактикасының жүргізілу нәтижелері туралы. Қармақшы ауданы, Жосалы кенті бойынша атқарылған жұмыстары туралы.

2. Аудан аумағындағы террорлық тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру туралы. Жергілікті атқарушы органдар теңгеріміндегі террористік тұрғыдан осал объектілердің жәй күйі туралы.

Екі мәселе бойынша тиісті мекеме басшылары баяндама жасап, жұмысты жетілдіру бағытындағы ұсыныстарын жеткізді.

Жиын қорытындысымен айтылған пікір-ұсыныстар талқыланып, жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<