Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары және мектеп директорлары қатысты.
Басқосуда аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.
Сонымен қатар, 2023 жылы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық профилактикасы, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар туралы мәселе қаралды.
Комиссия отырысы барысында жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестің алдын алу бағытындағы жұмыстар да пысықталды.
Бұл мәселеге байланысты комиссия мүшелері, ардагер ұстаз Серік Қуанышбаев, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Болат Жолтаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, аудандық мәслихат депутаты Эльмира Нұрмағамбетова, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Арман Мусаев және бірқатар мектеп директорлары өз ойларын ортаға салды.
Комиссия отырысын аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Дәурен Оңғарбайұлы қорытындылап, тиісті сала басшыларына айтылған ұсыныс-пікірлерге байланысты жұмыстар атқаруды тапсырды.
©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<