Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Онда «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» облыста орындалуы қаралды. Сондай-ақ аймақты дінтанушы-теолог мамандармен қамту, шетелдік күмәнді теологиялық білім алудың тиімсіздігі туралы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар, Арал және Қазалы аудандарында деструктивті діни ағымдар профилактикасын ұйымдастыру нәтижелері сараланды.
Мәжіліс қорытындысымен облыс әкімі сала басшыларына осы жұмыстарды қарқынды жүргізуді тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<