Комитет төрағасымен пікірлесті

392

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановпен кездесті. Кездесуде өңірдегі жер ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді игеру, цифрландыру және жер кадастрын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Статистикалық мәлімет­терге қарағанда, об­лыстың жер көлемі 24,1 млн гектар, оның 2,9 млн гектары – ауыл шаруашылығы мақсатында. Мемлекет басшысының пай­да­ланылмаған ауыл ша­руа­­шы­­лығы жерін мемлекет­ке қайтару жөнін­дегі тап­сыр­ма­сы бойынша биыл­ға жоспар­ланған 60 мың гектар­дың 43 мың гектары қайта­рылды. 2022-2024 жыл­дар ара­лығында 460,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, оның 93,6 мың гектары қайта ай­налымға енгізілді.