Коммуналдық мекемелер қызметкерлері марапатталды

5

0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов коммуналдық мекемелер қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге «Қызылорда электр тарату тораптары», «Қызылорда жылу-электр орталығы», «Қызыл­орда су жүйесі», «Қызылорда та­за­­лығы», «Қызылорда автобус паркі», «Қорқыт ата әуежайы» меке­­мелерінің, «Qazaqgaz» ұлттық ком­паниясының, «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Сыр суы» филиалдарының, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері қатысты.

Онда коммуналдық инфра­құры­лымды жаңғыртуда атқарылған ауқымды жұмыстар сөз болды. Қаладағы қалыпты тіршілікті қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп, тәулік бойы жұмыс істейтін, V Ұлттық құрылтайдың өтуіне атсалысқан қызметкерлер, еңбек адамдары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.