Коммуналдық қарызды қайтару мәселесі қаралды

646

0

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте коммуналдық берешектер туралы мәселе қаралып, талқыланды.

Ауданда коммуналдық қызметтердегі қордаланған қарыздарды өтеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Сыдықов баяндады. Коммуналдық қызметті ұсыну қағидасына сәйкес, әрбір тұлға коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны толық және уақытында төлеуге міндетті. Дегенмен, аудан бойынша заңды және жеке тұлғалардың коммуналдық қызметте қордаланған қарыздары бар.

Мәжілісте аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев қарыздарды өтеуге барынша жауапкершілікпен қарауды тапсырып, сала басшыларына коммуналдық мекемелердің қызметін ұйымдастыру мен оңтайландыруға байланысты бірнеше тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<