Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді

481

0

Алдағы мереке күндерінде облыс тұрғындарын үздіксіз жылумен және табиғи газбен қамтамасыз ету үшін тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылады. Сондай-ақ облыс тұрғындарына электр энергиясы мен ауызсудың үздіксіз берілуі де қатаң бақыланады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында сала мамандары жеткізді.

Коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін дайындық жасалған. Мамандар күшейтілген режимге көшіп, тәулік бойы жұмыс істемек.

– Облыс көлемінде 21-25 наурыз аралығында электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында жауапты мамандар бекітілді. Электр жарығын үзбеу үшін аудандық электр тораптары бекітілген ауысымға сәйкес жұмыс істейді. Егер қала тұрғындары тарапынан сұрақтар туындаған жағдайда «Орталық» АЭТ – 23-56-43, «Қызылжарма» АЭТ – 25-48-50, «Тасбөгет» АЭТ – 21-50-05 жедел нөміріне қоңырау шалуына болады, – деді Қызылорда электр тарату тораптары АҚ-ның басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Шалқар Рахышев.

Бұдан өзге ауызсу, жылу, газбен қамту бағытында да бақылау бар. Сала басшылары арнайы шара ұйымдастырып, қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.

– Аймақ тұрғындарына газ тұтыну жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтау үшін дабылқаққыш қондырғысын орнатуды ескертеміз. Сонымен қатар, үйде газ иісі анықталған жағдайда дереу 104 телефоны байланысы арқылы авариялық-диспетчерлік қызметке хабарласуыңызды сұраймыз, – деді «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы апатты-диспетчерлік қызметінің бастығы Базарбек Ерімбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<