Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет аудандағы коммуналдық сала басшыларын қабылдады.
Қабылдау барысында аудандық электр тарату торабы, «Қазалы-Теміржол жылу» филиалы, Әйтеке би газ шаруашылығы, «Қазалы-Су Сервис» мекемесі және «Арал-Сарбұлақ топтық су құбырларын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшесінің басшылары әрбір сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі туралы баяндады.
Аудан басшысы өз кезегінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында коммуналдық қызметтердің үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдау қажет екендігін жеткізді.
Сондай-ақ тұрғындардың күнделікті тыныс-тіршілігін бақылауда ұстап, орын алған ақаулықтарды шұғыл қайта қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<