Көпшілікке мәлім, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атқарушы билікке коммуналдық тарифтердің көтерілуіне мораторий енгізуді міндеттеген болатын. Тарифтердің жай-жапсарына қатысты мәселеге қанығу үшін біз Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментіне хабарласқан едік.
Бізге жеткен мәлімет бойынша олар сұйытылған газ, жанар-жағармай және дизель отыны бағаларына мемлекеттік реттеу енгізуден бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларына мемлекеттік реттеу енгізу, халық үшін реттелетін коммуналдық тарифтердің көтерілуіне мараторий енгізуді көздейді.
Нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай шешімді облыс әкімдері қабылдайды.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарында қолданыста қалған тарифтерді атап көрсетті.
«Қызылорда су жүйесі» МКК-ның сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерінің тарифтері сәйкесінше тұрғындар үшін 1 текше метрге ҚҚС-мен 44,92 теңге және 47,48 теңгені құрайды.
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК бойынша жылу есептеу аспаптары жоқ тұрғындар үшін ҚҚС-мен 1 шаршы метрге – 83,79 теңге болса, ал жылу есептеу аспаптары бар тұрғындарға ҚҚС-мен 1 ГКал-ға – 1517,88 теңгені құрады. Тозған, авариялық тұрғын үй-жайда, барак типті үйлерде тұратын тұрғындар үшін ҚҚС-мен 1 ГКал-ға – 2424,58 теңге.
«Энергосервис» ЕЖШС қамтамасыз ететін электр энергияның орташа босату тарифі ҚҚС-мен 1 кВт.сағатқа жеке тұлғалар үшін – 17,54 теңгені, ал өзге тұтынушылар үшін – 21,24 теңгені құрайды.
Тұрғындар үшін сараланған тариф 1 кВт. сағатқа ҚҚС-мен төмендегідей деңгейде қалыптасты: 1 деңгей – 16,44 теңге, 2 деңгей – 21,04 теңге, 3 деңгей – 26,31 теңге.
Бұл ретте тұтынушылар тұтынылған электр энергиясы үшiн сараланған тариф бойынша немесе орташа босату тарифімен ақы төлеудi өзі таңдап шешуге құқылы екендігін назарға саламыз.
Аймақ тұрғындары 2022 жылы «көгілдір отынға» 1 текше метрге ҚҚС-мен 19,666 теңге төлейді. Бұл бұрынғы бағаны құрайды.
Аталған баға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары көтерілуін және тасымалдау тарифінің төмендетілгенін ескере отырып, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап тұрғындар үшін баға 5,9 процентке төмендетіліп, Табиғи монополияларды реттеу комитетімен келісілген болатын.
Коммуналдық қызметтердің тарифтері екінші жартыжылдыққа дейін өзгеріссіз қалады.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<