Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) компьютерлік ойынға тәуелділікті ресми түрде ауру деп деп таныды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Халықаралық статистика мәліметіне сүйенсек, компьютерлік және бейне ойындарға шамадан тыс құмарлық пен құмар ойындарға тәуелділік психикалық бұзылыстың жаңа түрі болып табылады. Дегенмен, бұл ауруды анықтау үшін жыл бойы адамда отбасылық, әлеуметтік, білім беру, кәсіптік және өмірдің басқа салаларына теріс әсер ететін ойын бұзылысының белгілері болуы керек.
Сонымен қатар, диагнозды тек білікті медицина қызметкері ғана қоя алады, дейді ДДСҰ-ның психоактивті заттар мен тәуелді мінез-құлық саласындағы сарапшысы Владимир Позняк. Оның айтуынша, бұл сипаттаманы туыстарына немесе достарына жеке пікірі бойынша қолдануға болмайды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<