Аудан бойынша кенеге қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес 2024 жылдың тамыз айының 16-сы күнінен басталды. Залалсыздандыру жұмыстарын «Сәтті Түлік» ЖШС жүргізеді.
«Конго – Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен» ауданның 16 елді – мекені қолайсыз болып танылған. Олар; Жосалы, Төретам кенттері, Қармақшы, Ақай, Төребай би, Иіркөл, Дүр Оңғар, Ақтөбе, Ақжар, Тұрмағамбет, Алдашбай Ахун, Көмекбаев ауылдық округтері мен Қызылтам, Ордазы, Қорқыт ата, Диірментөбе бекеттері.
Осыған байланысты, аталған елді мекен тұрғындары залалсыздандыру жұмыстарының сапалы атқарылуы үшін өз иеліктеріңіздегі мал қоралардың механикалық тазалығын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<