Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары жалғасуда

538

0

5 қыркүйектен бастап бекітілген кестеге сәйкес Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында елді мекендерде күзгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары бастау алды.

Осы орайда, қала әкімінің орынбасары Дархан Турсынбаев кент және ауылдық округ әкімдеріне, жауапты мамандарға дәрілеу-залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу барысында залалсыздандыру жұмыстарына өте мұқият болып, жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Аралау барысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтылығы аймағында шоғырланған елді мекендерде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтану, кене шағу қаупінің алдын алу, кене шаққан жағдайда дер кезінде дәрігерлердің көмегіне жүгіну бағытында және мал шаруашылығы қора-жайларын, жеке аулаларды (қидан, қоқыстан), сондай-ақ малды жазғы жайылымға айдау кезінде уақытша тұрақты, мал қораларын және айналасындағы аумақты кенеге қарсы өңдеу басталғанға дейін механикалық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда қаласы аумағында қауіпті деп танылған 11 аймаққа Конго-қырым геморрагиялық қызбасына қарсы шаралар, яғни қалаға қарасты елді мекендердегі типтік жобада салынған ванналарда уақ малдарды кенеге қарсы тоғыту жұмыстары, тұрғындардың аулалары мен қора-жайлары залалсыздандырылады.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары жалғасуда

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<