Конор Макгрегор Криштиану Роналду арқылы пайда тапқысы келеді

117

0

Фото: ашық дереккөз

UFC жұлдызы, ирландиялық файтер Конор Макгрегор Криштиану Роналду Еуро-2024 додасының үздік бомбардирі болады деп мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері бәс тікті. Оның ойынша, Криштиану Роналду футболдан Еуро-2024 турнирінің нәтижесі бойынша «Алтын бутсы» иегері атанады. «Криштиану Роналду Еурода «Алтын бутсыды» тағы бір мәрте алатынына 60 мың фунт. Siuuu!»,- деді Конор Макгрегор.

Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионатының Чехияға қарсы бірінші матчында Криштиану Роналду негізгі құрамда шықты, бірақ бұл ойында нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түсе алмады.

Сонымен қатар, Португалия құрамасының жұлдызы Еуро тарихындағы ең үздік бомбардир саналады. Ол бес Еуроға қатысып, 14 гол ұрған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<