Топ-баннер2

Конституциялық реформа: демократиялық құндылықтардың негізі

6

0

Елімізде Конституциялық реформаға енгізілген өзгерістерді халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатындағы ақпараттық-насихат жұмыстары Қазалы ауданында жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағытта Қазалы аудандық мәслихаты төрағасы Ғазиз Әліш мен «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев және мәслихат депутаттары Қазалы вагон пайдалану депосы қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары түсіндіріліп, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті арттыру секілді қағидаттарға назар аударылды.

Жиын соңында Қазалы вагон пайдалану депосының еңбек ұжымы ел болашағы үшін қолға алынған бастамаларға әрдайым қолдау білдіретінін айтып, алдағы референдумның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.