Конституция күніне арналған конференция

1513

0

Студенттер сарайында Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай «Конституциялық және мемлекеттік-құқықтық даму мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға Қызылорда облысы Полиция департаментінің басқарма, бөлім, бөлімше басшылары, орынбасарлары, Заң бөлімінің қызметкерлері және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Заң ғылымдарының магистрі Жарекеев Қуаныш қатысты.

Конференция аясында университеттің Заң ғылымдарының магистрі Жарекеев Қуаныш Жақсыбайұлы «Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері және тарихи-құқықтық сабақтастық мәселелері» тақырыбындағы өз баяндамасында конституционализмнің басты проблемаларын ашып айтып, жіктеп, ерекше назардағы оймен бөлісіп, өзге елдер мен Қазақстандағы Конституциялық кеңестің ұқсастықтары мен іс-әрекеттеріндегі ықпалдастықтарына тоқталып, оң нәтижелерді тілге тиек етті.Ал, Қызылорда ОПД Заң бөлімінің бас маманы Даулбаева Динара Жалғасбайқызы «Қазақстанның Конституциясы – Тәуелсіздіктің негізгі құндылығы» атты баяндамасында әр адам Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті екенін жеткізді.Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Кездесуді Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Дәурен Алпысбайұлы қорытындылады.

− «Тәуелсіздік таңында елімізге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын құжат қажет болды. 1995 жылы жалпыұлттық референдумда Конституциямыз қабылданды. Еліміздің басты құжатының, соның аясында осы жылдары қабылданған заңдардың арқасында Қазақстан биік белестерді игерді. Ата Заңымыз – демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен азаматтық қоғамның негізі. Бүгінгі конференция Конституцияның болашақ мүмкіндіктері туралы пікір алмасып, ой бөлісу тұрғысынан пайдалы болды. Ең бастысы, Негізгі заңымыз қазақстандықтарға таңдау жасау құқығын берді»,- деп атап өтті ол.

Конституция күніне арналған конференция

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<