«Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің белсенділері Наурыз мерекесін ерекше атап өтті.
Ұлттық киім киіп, ұлттық тағамдар әзірлеп, қазанға ыстық бауырсақ пісіріп, бірлестіктің, облыстық ҚХА ардагерлерін, этномәдени бірлестіктердің төрағаларын, “Қоғамдық келісім” КММ басшылық өкілдерін қонаққа шақырып, құрмет көрсетті.
Өз кезегінде корей бірлестігінің ардагерлері «Наурыз құтты болсын! Бірлік, берекеміз арта берсін» деген ақ тілектерін жаудырып, ризашылықтарын білдірді.
Мерекелік іс-шара аясында қазақы салт-дәстүрлер орындалды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<