Коронавирустан қайтыс болған үшінші қазақстандық туралы не белгілі?

361

0

Коронавирустан қайтыс болған үшінші қазақстандық туралы не белгілі? Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған үшінші адамның 62 жаста болғаны анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Хабар24» телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте айтылды.

«Бүгін таңертең Қарағанды қаласында коронавирус инфекциясынан қайтыс болған бір жағдай тіркелді. 30 наурызда Қарағанды қаласының ауруханаларының біріне 62 жастағы ер адам жатқызылды. Сол кезде екіжақты пневмония, тыныс алу қиындағаны анықталды. Жағдайы ауыр болды. Реанимациялық боксқа жатқызылды, – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Еске салайық, мұның алдында елімізде коронавирустан үшінші адамның Қарағанды облысында қайтыс болғаны хабарланған еді. 

Сонымен қатар, коронавирус жұқтырған тағы 15 адам тiркелгені анықталған болатын: Алматы қаласында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 6 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 6 адам. 

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 363 адамға жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<