Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары төмендеп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
«Қазақстан 6 маусымнан бері «жасыл» аймақта тұр. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр. Ал «сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары», – деді А. Цой.
Оның айтуынша, «жасыл» аймақта 10 өңір орналасқан: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
«Республика бойынша жалпы коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары төмендеп келеді. Соңғы аптада КВИ-ді анықтау 11 мыңнан 8 мың жағдайға дейін азайды немесе өткен аптамен салыстырғанда 1,3 есеге төмендеді. Мамыр айының басынан бері індетке шалдығу 2,1 есеге азайды», – деді министр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<