Коронавирус: Келесі жылдан бастап қазақстандықтарға ерікті түрде жаппай вакцина егілмек

761

0

2021 жылдан бастап тұрғындарға ерікті түрде жаппай вакцина егу жоспарланып отыр.Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдауы кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдан бастап тұрғындарға ерікті түрде жаппай вакцина егу жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңде тұрғындардың ауруды жұқтыру қаупі жоғары тобы, яғни дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылымдардың қызметкерлері қамтылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге отандық вакцина өндірісіне қатысты берілген тапсырманы жедел орындағаны үшін алғыс білдіріп, дәрінің тиімділігіне баса мән беруді және тұрғындарға қол жетімді болуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Алдын ала болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар тәуекел тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынатын болады. Вакцина алатындардың болжамды саны 2 347 000 адамды құрайды. Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау – инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі екенін жеткізді. Қазақстандық ғалымдар 7 вакцина дайындау технологиясын жасады. Коронавирусқа қарсы вакцина салынатын тәуекел тобындағы адамдар айқындалды. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бағасы қанша болуы мүмкін екені де айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<