Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 135 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
16 тамыздағы жағдай бойынша, 116 адам коронавирустан және ПТР нәтижесі теріс болған 19 адам пневмониядан қайтыс болған. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі өлім деректерін кешіктіріп жариялайды.
18 тамыздағы мәлімет бойынша, жалпы 120 313 адам коронавирус инфекциясынан (115 214 КВИ+ және 5 099 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 30 123 пациент стационарда,
- 90 190 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 1 840 адамның жағдайы ауыр,
- 561 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 263 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<