Көркемсөз оқу шеберлері анықталды

530

0

Көркемсөз оқу шеберлері анықталды Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткен шараға 20 үміткер қатысты.

Қатысушылар алғашқы кезеңде Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай прозалық, екінші кезеңде Сәбит Дөнентаев, Ілияс Жансүгіровтың 125 және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармалардан үзінді оқыды. Тіл тазалығы мен оқу шеберлігі сыналатын сайыста талапкерлердің өнерін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Бағдат Кәрібозұлы бастаған қазылар алқасы бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Шиелі аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері Айсана Әшімханға бұйырды.  Ал  І орынды  Динара Нұрлыбай,  ІІ орынды Арнұр Әлжан, ІІІ орынды Төребай Тұрсынбай иеленді. Енді облыстық байқау жеңімпазы Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай Қарағанды облысында өтетін республикалық байқауда бақ сынайтын болады.

Айдана ҚЫПШАҚБАЙ,

Қорқыт ата атындығы

 Қызылорда мемлекеттік университетінің

 студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<