Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының толығымен жүзеге асырылуын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл экономиканың және инфрақұрылымның тұрақты дамуы, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау мәселесін жақсарту арқылы халықтың табысын және тұрмыс сапасын арттыру.
ҚР Президентінің сайлауалды тұғырнамасындағы стратегиялық міндеттерін тиімді жүзеге асырудың арқасында әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік жасалады. Елімізге инвестициялар тартуда, барлық қызығушылық танытқан елдермен азаматтардың мүддесі үшін ынтымақтастықты арттыруда Қазақстанның осы уақытқа дейінгі халықаралық сенімін тиімді пайдаланамыз. Біздің сыртқы саясаттағы қадамдарымыз мемлекетімізге, ұлттық бизнеске, әр азаматқа нақты пайдасын тигізуі тиіс» деп көрсеткені өзім сияқты кәсіпкерлерге жасалған үлкен қолдау екенін айтқым келеді.
Қайрат Нұрсейітов.
«Ақжарма және К» ЖШС төрағасы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<