Кәсіпкерлік – ел экономикасын дамытудың қозғаушы күшінің бірі. Соңғы уақытта осы саланы қолдау бағдарламалары аясында шағын және орта бизнесті өркендетуде өңір тұрғындарының белсенділігі басым.
Мен де әріптестерім сияқты мемлекет қолдауының арқасында кәсібімді аштым. Кәсіпті кез келген адам істей алады және оған қолдау жетерлік.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне тоқталып, «Бизнестің дамуына кедергі келтіру – мемлекетке қарсы қылмыс жасаумен бірдей» деп атап өтті. Бұл дегеніміз – елімізде кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға жаңа бетбұрыс.
Сондықтан мен әріптестерімді Мемлекет басшысының саясатын қолдауға шақырамын. Олай дейтінім, кәсіпкерлік халықтың жағдайын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Ал, халық тұрмысының көтерілуі ел экономикасын еселей түседі.
Мырзадәулет ЕСшАНОВ,
кәсіпкер,
Қармақшы аудандық
мәслихат депутаты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<