Кітапханадағы бір күн

713

0

Елбасы «Бүгінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты. Кітап адамды жан-жақты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді» деген болатын. Облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясында «Кітап оқы – жетістікке қадам бас» атты іс-шараны Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызмет­кер­лерімен бірлесіп өткізді.

Облыстық кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова кітапхана ресурстарымен, арнайы клубтармен және орталықтармен таныстырды.  «Жаңа әдебиеттер», «Жүкте және оқы» мобильді кітапханасы, цифрлы форматқа көшірілген және латын әліпбиін оқып-үйренуге бағытталған көрмелер келушілердің қызығушылығын тудырды.

Мұнан соң оқырмандар Қалтай Мұхамеджанов атындағы кабинетте болып, қаламгердің мұрасымен танысты. Облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Мэлс Қосмамбет қазақ халқының кеңес дәуіріндегі алмағайып тағдыры мен трагедиялық бейнесін айқын көрсеткен жазушы жайлы ой-толғанысын жеткізді.

Мемлекет басшысының  «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жол­дауына сәйкес осында ашылған коворкинг орталығы, IT-парк жұмысы, «Шаңырақ» интеллект орталығы, электронды оқу залы таныс­тырылды. Шара соңында облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері кітапханадан әдеби шығармалар жаздыртып алды.

 

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<